Шахада Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның Елшісі екендігіне куәлік келтіру. Намаз күнделікті бес мезгіл оқу. Зекет кедейлер мен мұқтаждарды қолдау үшін, сол сияқты, Исламның таралуына ықпал жасайтын жобалар мен ол туралы шынайы ілімнің дамуы үшін мұсылманнан жыл сайын алынатын міндетті салық. Ораза қасиетті Рамазан айы ішіндегі ауыз бекіту. Қажылық егер адамның мүмкіндігі болса Меккеге жасалатын қажылық.

Хадис

  • Зекет беру
  • Зекетті есептеу

Зекет қайда жұмсалады

Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Шын мәнінде, бұл дүние тәтті жеміс секілді, кімде-кім оны жомарт бола отырып алса, онда ол оған жұғымды, баталы болады,...»[1] - деп айтқаның жеткізді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Маған зекет бер», – деген адамға былай жауап берген: «Ұлы Алла зекеттің берілетін орындары жайында Пайғамбарының да, басқаның да үкіміне разы болмай, өзі берді. Оны сегіз топқа бөлді. Егер сол сегіз топтың ішінде болсаң, саған есеңді беремін». Иә, зекеттің берілетін орындарын Алла Тағала былай баяндайды: «Шын мәнінде садақалар (зекеттер), кедей-кепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті жинауға тағайындалған адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат етілгендерге (жаңа мұсылмандарға), құлдарды азат етуге, қарызға батқандарға, Аллаһ жолына және қиналған жолаушыларға берілуі Аллаһ тарапынан парыз етілді», («Тәубе» сүресі, 60.).

Аятта айтылған сегіз топ:

1. Пақырлар. Пақыр деп нисап мөлшеріне жететін байлығы жоқ адамдар саналады.

2. Міскіндер. Міскін – еш нәрсесі жоқ адам. Мұндай адамның жағдайы кедейдің жағдайынан да төмен. Алла тағала «... немесе шаң топырақтағы сорлы» (Бәләд, 16-аят) деп айтқан. Бұл жерде ол аса жоқтықтан «жер бауырлайтын» және адамдардан өзіне тамақ пен киім сұрап қайыр тілейтіндерді айтып отыр.

3. Зекет жинауға тағайындалған арнайы адамдар. Зекеттердің жиналуы, сақталуы, есептеліп, лайық адамдарға таратылып, тапсырылуы сияқты жұмыстар үшін мемлекет тарапынан тағайындалған адамдар. Бұларға зекеттің белгілі бөлігі еңбектерінің қарымына айлық ретінде берілгендіктен, тағайындалған адамдардың бай болулары белгілеген мөлшерін алуларына бөгет емес.

4. Муәллафатул-қулууб. Ислам дінін жаңадан қабылдаған иманы әлсіз адамдардың, тіпті әлі Исламды қабылдамаған кейбір адамдардың көңілін жібіту үшін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кедей болсын, ауқатты болсын, оларға зекеттен белгілі есе беріп отырған. Бірақ Хазіреті Омар дәуірінде бұл топқа берілетін зекет тоқтатылған. Тоқтатылуының басты себебі, Ислам дінін Алла дүниеге қанат жайып қуаттанғаннан кейін бұлардың көңілін Исламға жібітіп, жаманшылықтарынан сақтанудың қажеті болмай қалуында еді. Бірақ кейбір ғалымдардың пәтуасына сүйенсек, қажет болған жағдайда, қайтадан бұл топқа беруге болады.

5. Құлдар. Қожайынынан азат болу үшін белгілі ақшаға келіскен құлдарға зекет беріледі. Міне, бұл Ислам дінінің құлдарды азат ету жолында жұмсаған еңбектерінің бір көрінісі. Ескерту: қазіргі қоғамда құлдардың жоқ болуы себепті ғалымдар алтыншы тармаққа қосуға болады деген.

6. Қарызға батқандар. Қарызынан тыс нисап мөлшеріндегі малға ие болмаған немесе басқа біреуде қарызы болып, бірақ қайтарып алу мүмкін болмағандар «қарызы бар адамдардың» тобына жатады. Пақырға зекет бергеннен гөрі қарызынан қиыншылық көріп жатқан адамдарға зекет беру абзал. Өйткені, қарызынан құтылу – қарызы бар үшін басты міндет.

7. Аллаһ жолындағылар. Бұл топқа Аллаһ ризалығы үшін ілім іздеушілер (медреселер мен діни оқу орындарының түлектері), жастарымызды имандылық, адалдық, адамгершілік, әділдік сияқты жақсы қасиеттерге тәрбиелеу үшін, жалпы қоғамға пайдасы бар қайырлы істер үшін бар күштерін салып еңбек етушілер кіреді.

8. Қаржылары бітіп, жолда қалғандар. Бұларға негізгі тұрғылықты жерлерінде ақшалары барлар жатады, яғни бай болса да, оларға зекет беріледі (қажылар, ілім ізденушілер, т.б.).


[1] Бұхари.