Шахада Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның Елшісі екендігіне куәлік келтіру. Намаз күнделікті бес мезгіл оқу. Зекет кедейлер мен мұқтаждарды қолдау үшін, сол сияқты, Исламның таралуына ықпал жасайтын жобалар мен ол туралы шынайы ілімнің дамуы үшін мұсылманнан жыл сайын алынатын міндетті салық. Ораза қасиетті Рамазан айы ішіндегі ауыз бекіту. Қажылық егер адамның мүмкіндігі болса Меккеге жасалатын қажылық.

Хадис

  • Зекет беру
  • Зекетті есептеу

Қарағанды өңіріндегі атқарылған іс-шаралар

Аналарға құрмет көрсетілді

Діни және ресми мерекелерде қайырымдылық шара өткізуді дәстүрге айналдырған «Зекет» қорының өкілдігі бұл жолы «Аналар күні» мерекесіне орай жалғызбасты және көпбалалы отбасыларға арналған қайырымдылық шара ұйымдастырды. Жиырмаға жуық отбасы қатысқан сауапты басқосуда қордың өкілі Еркебай Жұматаев Ислам дініндегі аналарға құрмет етудің орны мен үлкенді сыйлау жайында насихат айтып, қордың атынан құттықтау жолдады. Шара барысында бір отбасына жетерлік азық-түліктер таратылды. Қайырымдылық көмегін жасап отырған қордың басшылығына ата-аналар атынан алғыс табысталды.  

Ардагерлерге құрмет-ұрпаққа міндет

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмасы негізінде облыстық мешіттің асханасында қаламыздағы соғыс және тыл ардагерлеріне дастархан жайылып, мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оған отызға жуық қариялар қатысты. Мерекелік іс-шараны толыққанды атқаруға Қарағанды кәсіпкерлер қауымдастығы көмек көрсетті. Берекелі дастархан үстінде қарияларға Жеңіс күнінің құрметіне құттықтаулар айтылып, облыстық филармонияның әншілері жырдан шашу шашты. Республикамызға белгілі жергілікті ақындар Тілеген Әділов, Айтбай Жұмағұловтар арнау айтып, қарияларды бір серпілтті. Қариялар да өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдіріп діни басқарма мен «Зекет» қорының өкілдігіне алғыстарын жеткізді. Шара соңында қарияларға су тазартатын құрылғылар сыйға берілді. Сұрапыл заманда жастық шақтарын өткізген көнекөз қарияларды құрметтеп арнайы дайындалған отыз автокөлік тегін тасымалдау қызметін көрсетті.    

Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Биылғы «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Қарағанды облыстық мешітінің ауласында ашық жәрмеңке ұйымдастырылды. Жиырмадан аса сауда нүктелері орналастырылып, оған қолдан жасалған тағамдар мен қолөнер бұйымдары, киім-кешек пен тұрмыстық заттар, діни тауарлар қойылды. Нарықтағы бағадан төмен қолжетімді сауда барысында халықтың келуі көп болды. «Зекет» қорының тікелей атсалысуымен өткен ауқымды шарада Дінбасымыздың бағытының бірі «Дін мен Дәстүр» бойынша қазақша күрестен сайыс ұйымдастырылды. Жауырыны жерге тимеген палуанға «Зекет» қорының атынан бас жүлде ретінде тағайындаған қой табысталды. Сонымен қатар, жәрмеңкедегі сатылған тауарлардың үстінен түскен қаражат әртүрлі деңгейде қайырымдылық шараларға жұмсалды. Осылайша заман талабына сай ұйымдастырылған жәрмеңке халыққа да тиімді болып, сауапты істердің де өркені жайылды.    

 

Отыз күнге отыз жанұяға қайырымдылық көрсетілді

Қасиетті рамазан айында қайырымдылық жасауды арттыру мақсатында отыз күн оразаның құрметіне отыз отбасына отыз күнге есептелген құнарлы азық түлік таратылды. Көпбалалы, мүгедек, жалғызбасты, тұрмысы төмен отбасылардан жинақталған тізім бойынша қатыстырылған жанұя мүшелерін мешітке жинап, оларға рамазан айының қадір-қасиеті турасында насихат та айтылды. Қомақты көмек алған отбасылар «Зекет» қорының өкілі Еркебай Жұматаевқа үнемі көрсетіп отыратын көмегі үшін алғыстарын айтып тарқады.  

 

«Зекет» қорының қамқорлығы жеке жанұяларда жалғасты

Қарағанды өңіріндегі «Зекет» қорының кезекті сауапты іс-шаралары жекелеген отбасыларында жалғасын тапты. Қордың облыстағы төрағасы  Жуматаев Еркебай шынайы мұқтаж отбасыларының үйіне тиісті көмек қолын созды. Мектеп жасындағы төрт баланы толықтай киіндіріп, оларға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелерді сыйға тарту етті. Қамқорлық танытқан зекет қорының қызметкерлеріне шексіз риза болғаны балалардың  күлімдеген жанарларынан білініп тұрды. Айта кету керек, зекет қоры осыдан санаулы күндер бұрын оқу жылының алдында облыстық мешітпен бірлесе отырып жүз балаға осындай негізде қайырымдылық көмек көрсеткен болатын. Алдағы күндері әртүрлі бағытта осындай игі іс-шаралар жалғасын табатын болады.  Жақсылықты жарысып жасап, Жаратқанның разылығына бөленемін деген ниеті бар ағайын болса, арнайы құрылған «Зекет» қоры арқылы осындай екі дүниеге қажетті сауапты амалды арттыруға үлес қосса, нұр үстіне нұр болатындығын да еске саламыз. 

Қарағанды өңірі бойынша

«ЗЕКЕТ» корпоративтік

қорының өкілі:                                                            Жуматаев Еркебай